Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Референдум үлкен өзгерістердің бастамасы, – Н.Жүсіп

AstanaTV
12.05.2022ж. 20:00
1470
Референдум үлкен өзгерістердің бастамасы, – Н.Жүсіп

Ел Конституциясына толықтырулар мен түзетулер, халықтың талқысынан соң ғана енгізіледі. Бас құжатқа өзгеріс енгізуге азаматтарға араласуға жалпыхалықтық референдум мүмкіндік беріп отыр. Бұл - халықтың мемлекеттік басқару үрдісіне тікелей араласа алатынының бірден бір көрінісі дейді зиялы қауым өкілдері. Алқалы жиында бас қосқан олар атқарушы органдар мен бұқара арасындағы кері байланысты нығайту, қазақстандықтардың игілігіне бағытталған үлкен өзгерістерді тиянақты түсіндіру мәселелеріне кеңінен тоқталды. Жұмыс тобының және «AMANAT» партиясы жанындағы штаб мүшелері - аудиториямен кездесу жоспарын да талқылады. Жоспарға сай штаб мүшелері референдумға дейін аймақтарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады. Бұл ретте референдум әділдікке жол ашатын, үлкен өзгерістердің бастамасы екенін халыққа ұғынықты тілмен жеткізу керек дейді жиынға қатысушылар.

Нұртөре ЖҮСІП, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:


Бізсіз де өтеді ғой Референдум. Осынша шығындалып не керегі бар деген сияқты әңгімелерді де естіп жатырмыз. Бұл өзіміздің өмірімізге қатысты өзгерістер. Осының көбісі ертең тікелей қазақ баласының алақан жаймай, біреуге кіріптар болмай, жеке өзінің кәсібі болып, баспанаасы болып, әлеуметтік-экономикалық жағдайы дұрыс болатынға жол ашатын яғни әділетті, байлықтың өзін әділетті бөлісетін үлкен өзгерістердің бастамасы.  

Қайрат САҚ, АЛАШТАНУШЫ ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ДОЦЕНТ:


Өзгерістердің бәрін біз жақсы білеміз ғой. Бірақ мен кеше елден келдім, халықтың ортасынан. Халық түсініп жатқан жоқ. Біліп жатқан жоқ. Біз енді зиялылардың ортасында емес халықтың ортасына барып, қарапайым халықтың тілінде бұл реформа неге керек, бұл қайда апарады қазақты деген мәселелерді халыққа түсіндіруіміз керек.

Ә. Бердібеков