Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Түрік шайырлары» кітабы жарыққа шықты

AstanaTV
12.05.2022ж. 20:00
2083
«Түрік шайырлары» кітабы жарыққа шықты

Қазақтың ақиық ақыны Светқали Нұржанның аудармалары жинақталған «Түрік шайырлары» атты жаңа кітап жарық көрді. Ақынның  60 жылдық мерейтойы қарсаңында  көрерменге жол тартқан туындының тұсаукесері Түркия астанасы Анкарада  өтті. Қаламгер Мәулана Жәләладдин Руми, Юнус Эмре, Пір Сұлтан Абдал, Ниязы Мысыр Хазірет секілді ұлы ақындардың ең таңдаулы туындыларын тәржімалаған.  Салтанатты шара барысында Түріксой ұйымы Бас хатшысының орынбасары Билал Чакыджы Түрік шайырларын қазақша сөйлеткен Светқали ақынға «Абай» медалін тақты. Кітаптың тұсаукесерінде халықаралық Түріксой ұйымы мен «Қазақ әуендері» арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға  қол қойылды.

Светқали НҰРЖАН, АҚЫН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "АЛАШ" ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК "ДАРЫН"СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ:


Мазасыз түндеріміз бен мігірсіз күндеріміздің бәрі де бабалар көксеген ұлы арманға жету. Ұлы тұтастыққа жету. Сөйтіп осы ай астында қазақияны түркі халықтарының тұтастығын әлемге паш етіп, адамзатқа баяғы бабаларымыз ұқсап қайтадан бір үлгі болатын уақыт келеді ау деген үмітпенен жасалып жатырған шаруалар.  

Ә. Бердібеков