Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Қарағандылық кәсіпкерлер жұмысшыларының жалақысын 10%-35% дейін көтермекші

Қарағандылық кәсіпкерлер жұмысшыларының жалақысын 10%-35% дейін көтермекші

Қарағандылық кәсіпкерлер жұмысшыларының жалақысын 10 нан 35 пайызға дейін көтеруге уәде берді. Жыл басынан бері бірқатар ірі компаниялар мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің айлығын орта есеппен 20 процентке арттырып үлгерген. Бұл туралы бүгін өңірге жұмыс сапарымен барған премьер- министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Ол облыс әкімдігінде өткен «2025 жылға дейін Халықтың табысын арттыру бағдарламасын іске асыру» тақырыбында кеңеске қатысты. Аймақтың өңдеу өнеркәсібінде 126 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашып, 713 жоба іске асырылмақшы. 50 ірі кәсіпорыннның айналасына шағын және орта бизнес белдеулері құрылмақ. Бұл бизнестің табысын арттырады,- дейді Ералы Тоғжанов. Сондай-ақ Үкімет басшысының орынбасары Қарағанды және Теміртау қалаларындағы «Имстальком», «Қазарматура» және «Борусан Макина Қазақстан» компанияларының жұмысымен танысты. Аталған кәсіпорындар энергетика, мұнай, газ, металлургия, тау-кен және химия өнеркәсіптері үшін жабдықтар шығарады және сервистік қызмет көрсетеді. Ералы Тоғжанов сонымен бірге тігін фабрикасы политехникалық колледжіне, сондай- ақ Теміртаудағы жаңа балабақшаға барды. Аталған мекемелер облыста мыңдаған адамды жұмыспен қамтып отыр.


Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР- МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Нақты сектор дейміз ғой сол нақты сектордегі сонымен қатар орта, шағын бизнесте жұмыс істейтін азаматтардың  жалақысын көтеру мәселесі күн тәртібінде тұр. Бұл тікелей инфляция бар, басқасы бар солардың бәрін ескеріп азаматтардың жалақысын көтеру, орта есеппен 10 пайыздан бастап 35 пайызға дейін  көтереді деді. Қазір ол қадағалауда.


А. Қуаш