Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / "Суперпрезиденттіктен" классикалық президенттік жүйеге ауысуы

"Суперпрезиденттіктен" классикалық президенттік жүйеге ауысуы

Конституцияға ұсынылған барлық түзетулерге қатысты салмақты шешімді қазақстандықтар қабылдауы тиіс. Сондай-ақ мемлекеттік органдар жұмысының тиімсіздігі, олқы­лығы салдарынан елде әлеуметтік тең­сіздік қалыптасты. Сарапшылардың пікірінше, конституциялық өзгеріс Қазақстанды жаңа деңгейге көтереді.

Осыдан 30 жыл қабылданған конституциялық реформалар супер-президенттік билікті орнатып, оны нығайтуға бағытталып келген. Заң ғылымдарының докторы Жамаладин Ибрагимов Ата заңдағы өзгерістердің мақсатына кеңінен тоқталды.   

Жамаладин ИБРАГИМОВ, Л.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:

Біздің мемлекетімізде болған конституциялық өзгерістермен толықтырулар осыған дейін Парламенттік жолмен өткізілді. Оның басты себептерінің бірі негізі конституцияның 91 бабының 1 тармағында, жалпы мемлекетте болатын конституциядағы енгізілетін толықтырулар екі тәсілмен енгізіледі. Бірі - Парламенттік жолмен, екіншісі- республикалық жолмен.

Сарапшылардың пайымынша, президенттік парламенттік жүйеге оралу арқылы демократияға бет бұрамыз. Мұндай жаңа өзгерістерді жылдар бойы халық қалап келген.

Аян САКОШЕВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:


Кейбір жылдары, біздің кейбір маңызды өкілеттілікті президенттің қолына беру, басқа да маңызды бұл конституцияда көрсетілген болатын. Қазіргі уақытқа сай жаңа өзгерістерді қоғам талап етуде, бұл яғни бірнеше жылдар бойы саяси және экономикалық өзгерістер болуы керек деген пікірлер айтылып жатты.


Жаңа Қазақстанның бағдарламалық бағыты айқын болу үшін Мемлекет басшысы бірқатар салада жасалуға тиіс өзгерістерді ұсынды. Саясаттанушылардың айтуынша, бұған дейін қабылданған заңнамалар, сол уақыттағы саяси шешімдер.  

Ғалымжан ҚҰСМАНҒАЛИ, САЯСАТТАНУШЫ:

Ол өзгерістер 5 рет енгізілді бірақ, ол сол уақыттағы саяси шешімдер қабылданды. Жүйе ауысқан соң қазіргі тепе-теңдіктер, бұған дейін болған тепе-теңдіктер олардың деңгейі ауысатын болады. Олар басқа деңгейге көтеріледі. Парламенттің күшеюі, саяси партиялардың күшеюіне алып келеді. Саяси партиялардың күшеюі азаматтық белсенділікке алып келеді.

Қоғам ішіндегі сұраныс енді қолданысқа ие болмақ. Сарапшылардың айтуынша, суперпрезиденттіктен президенттікке өту , демократиялы саясаттың алғашқы баспалдағы дейді.

Оразғали СЕЛТЕЕВ, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұрын соңды болған конституциядағы өзгерістер бұл президенттің саясатын нығайту болатын. Енді Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған референдум бұл халыққа ұсынылған мүмкіндік болды. Мемлекет басшысы ұсынған суперпрезиденттік, енді классикалық президенттікке өтеді. Енді бізде Президент пен парламент, үкімет пен мәслихат, және әкімдіктің арасында демократия орнайды.

Президент ұсынған жаңа реформа демократияға жол ашпақ. Билік енді бір ғана адамның қолында болмайды. Сарапшылар жаңа өзгерістерден үмітті. Сондықтан алдағы саяси науқанның мән маңызы әр азаматқа жете түсіндірілсе дейді.   

Ә. Дүкембаева