$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Кәсіпкерді бопсалап, пышақтап өлтірген оралдық 11 жылға сотталды

AstanaTV
17.05.2022ж. 20:00
1886
Кәсіпкерді бопсалап, пышақтап өлтірген оралдық 11 жылға сотталды

Ал Оралда кәсіпкерден қой бопсалап, пышақтап өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды. Бірақ марқұмның туыстары сот үкімімен келіспейді. Олардың айтуынша, бұл қылмысқа қатысы бар оның сыбайластары жазадан құтылып кеткен. Сот материалдарынан белгілі болғандай, шаруа қожалығының иесі Серік Мұхамбетьяровты әлдебір танысы түн ішінде үйінен алып кеткен. Оны оңаша жерге апарып, он екі рет пышақтаған көрінеді. Ауыр жараланған шаруа осылай кісі қолынан қаза тауыпты. Марқұмның туыстары қылмыскер жалғыз еместігін айтады: Топ болып ұйымдасқандар бауырымызды осыған дейін де мазалап, қой беруін талап еткен. Бірақ бопсаға көнбеген Серікті ақыры өлтіріп тынды, дейді. Енді олар Жоғары сотқа шағымданбақ.  

Нұрия МҰРЗАЛИЕВА, МАРҚҰМНЫҢ ЖҰБАЙЫ:


Сол бесеуі ештеме көрген жоқпыз, тек қана Мауышов болды, Мауышов өлтірді деп отыр. Ал мен оған сенбеймін. Өйткені менің жолдасым әлді, ұзын бойлы. Мауышовты көріп тұрсыздар. Жас адам. 20 минуттың ішінде болған оқиға дейді. 20 минутта бір адам 11 жерден соншама жарақат салуы мүмкін емес. Ешқандай әділдік жоқ. Телефоны табылған жоқ, қалтасында ақша табылған жоқ.

Е. Карин