Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / «Референдум – халықтың билікке үстемдік құруына жасалған алғашқы қадам», - Қ.Майгелдинов

«Референдум – халықтың билікке үстемдік құруына жасалған алғашқы қадам», - Қ.Майгелдинов

Конституциялық референдум – халық дауысы. Елорда да осы тақырып аясында «Sarap» эксперттік клубы дөңгелек үстел өткізді. Қоғам белсенділерінің пікірінше, саяси науқанның мән-маңызын жұртшылыққа әлі де түсіндіре түсу керек. Өйткені бұл алдағы онжылдықтардағы ел болашағын айқындайтын тағдыр шешті оқиға. Әсіресе, саяси басқару жүйесіне қатысты 20 шақты заңнамаға өзгеріс енгізу ұсынылып отыр.  

Бауыржан СЕРІКБАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Президент енді өз өкілеттілігі кезінде ешқандай саяси партияда болмайды. Барлық облыс, аудан, қала әкімдері, олардың орынбасарлары ешқандай саяси партияның филиалдарының төрағасы болмайды. Осы өзгерістер ақырындап біздегі саяси партияларды жаңа ережеде, жаңа Қазақстанда бірдей шарттарда саяси бәсекеге түсуге мүмкіндік беретін болады.


Императивті мандат жүйесі енгізілсе – халық сенімін ақтай алмаған депутаттың да, әкімнің де өкілеттілігін кері қайтарып алуға болады. Бұл референдумда ұсынылып отырған өзгерістің бірі. Яғни, қарапайым халық саяси жүйенің ажырамас бөлігіне айналады. Бұл функцияның алғашқы қадамы – референдумға келіп, таңдау жасаудан басталады, -дейді саясаттанушы Қазбек Майгелдинов.

Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ, САЯСАТТАНУШЫ:

Президент айтқандай, біз жаңа Қазақстанды халықпен бірге құруымыз керек. Ол үшін халыққа билікке әсер ететін құрал керек. Ол құрал қандай болмақ? Яғни, кез келген қазақстан азаматы ешқандай партияға тұрмаса да, барып бір мандаттық округ арқылы, өзінің беделі арқылы депутат бола алады. Ертеңгі күні ол депутаттар өз әкіміне тікелей сенімсіздік білдіре алады.


А. Съезбек