Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Референдум» онлайн марафоны жалғасуда

AstanaTV
05.06.2022ж. 22:00
973
«Референдум» онлайн марафоны жалғасуда

16 сағатқа жоспарларған инфотейнмент форматындағы «Референдум» онлайн марафоны  жалғасуда. 1200-ден астам қонақ, 300-ден астам спикер тікелей эфирде саяси науқан туралы ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп жатыр.  Марафон барысын толығырақ әріптесім баяндайды.

Дәл осы алаңнан сұхбат та жүргізіліп, телекөрерменге ойын-сауық бағдарламалары да көпшілік назарына ұсынылуда.  Халықаралық және отандық сарапшылардың қатысуымен брифингтер өтіп, «ашық микрафон» алаңында түрлі тақырыптар талқыланып жатыр.  

Айдос САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Сөзсіз бізге демократиялық үдерістер керек. Жаңа саяси мәдениет ауадай қажет. Бір-бірімізге тас ала жүгіретін емес, балталайтын емес бір-бірімізді тыңдай білетін, бір-бірімізді құрметтей білетін, біреудің сөзіне құлақ асатын. Тек мемлекет ғана азаматтарға құлақ аспауы керек, азаматтарға мемлекетке құлақ асатын кезінде құлақ асып, мектеп өртейтін емес, мектеп салатын мәдениет керек қой шынын айтқанда.

Сәт сайын елдің әр қиырынан жеткен жаңалық, ең маңызды ақпараттар да  осы жерде  айтылуда.     Ерекше форматтағы мұндай ауқымды шара Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.
 
Ләззат ТАНЫСБАЙ, «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:

Негізгі мақсатымыз -ақпараттандыру. Және әр түрлі салада жұмыс істеп жүрген  медиаперсоналар бар, медиа тұлғалар бар, журналист, блогер, саясаткер, саясаттанушылар бар солардың барлығының бастарын бір алаңға қосып, әр түрлі аудиторияға қызықты деген тақырыптарды көтеріп, негізге ала отырып тек қана саясат, экономика ғана емес әр түрлі тақырыптарды қозғап, солар бойынша пікір алмасу.  

Марафонға келгендердің тізімінде  депутаттар, саясаттанушылар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері және әр саладағы белсенді жастар бар. Мәдениет майталмандары мен спорт саңлақтары да атсалысуда.

Дәулет ТҰРЛЫХАНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ:

Бұл -бүгінгі күн болашағымыздың дамуын, болашағымыздың көркеюін шешетін күн.  Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын. Жастарымыз өсіп келе жатқан  жақсы білім алып, тәрбие алып Қазақстанымыздың болашағын алдағы уақытта дамыта берсін.

Онлайн марафон теледидардан ғана емес, отандық  бұқаралық ақпарат құралдарының интернет ресурстары мен әлеуметтік желі парақшаларынан тікелей көрсетілуде.  

Ә. Бердібеков