Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Референдум қабылданды, - Орталық референдум комиссиясы

AstanaTV
07.06.2022ж. 20:00
1015
Референдум қабылданды, - Орталық референдум комиссиясы

Конституцияға ұсынылған өзгерістер  қабылданды. Орталық референдум комиссиясы осылай деді. Заңға сай, өзгертулер мен толықтырулар референдумның қорытындылары туралы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Комиссия дерегінше дауыс беруге барған халықтың 77 пайыздан астамы ұсынысты қолдаған. 18 пайыздан астамы қарсылық білдіргендер қатарында. Жалпы жалпыхалықтық референдумға барған азаматтардың саны 8 миллионға жуықтайды. Бұл дауыс беруге құқылы азаматтардың 68 пайызы.

Нұрлан ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Республикалық референдумға шығарылған өзгерістер мен толықтырулар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың үштен екісінде дауыс беруге қатысып, жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.  

Комиссия референдумда келеңсіз жайттардың да орын алғанын айтты. Мәселен, Алматы қаласындағы №2 сайлау учаскесінде комиссия мүшелері өз туыстарының атынан дауыс берген. Заң бұзушылық бірден анықталып, комиссия мүшелеріне қатаң сөгіс жарияланды.

Асылбек СМАҒҰЛОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

2500 адам тіркелген бұл учаскеде.  Оның 524 дауыс берген. Қалғандары бере қоймаған. Сондықтан біз  524 азаматтың даусын жарамсыз деп таныдық.

Орталық референдум комиссиясының дерегінше, Иә  мен Жоқ нұсқасын қатар таңдағандар да болған. Осының салдарынан 126 мыңға жуық жауап парағы жарамсыз деп танылды.