Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Өртке базар басшылығы кінәлі",-кәсіпкер

AstanaTV
30.09.2022ж. 20:00
1130
"Өртке базар басшылығы кінәлі",-кәсіпкер

Таразда  базар өртенді.  30-ға жуық сауда нысаны күлге айналды. Шаш етектен шығынға баттық деген кәсіпкерлер  шырылдап қалды. Олар өртенген тауардың  өтемақысы төленсін деп талап етуде.   Өңірдегі тілшіміз Берік Жұмабай  толығырақ жеткізеді.

Барынан айрылғандар   базар басшылығын  айыптайды. Орындарды ретсіз  үлестіріп, базардың берекесін қашырды дейді. Санитарлық талап сақталмаған, өрт қауіпсіздігі ескерілмегенін айтады.   Сондықтан саудагерлер күл болған тауарларының өтемақысын тез төлесін деп  талап етуде.    

Әлия КЕНЖЕБАЕВА, КӘСІПКЕР:

Чектің бәрі тұр міне 21 млн нан аса ақшаға кеше ғана түсірілді кеше ғана. Ал оның алдында қанша аптасына үш рет түседі тауар. Сонда бір күнде 21 млнға тауар түссе, қанша млнның ішінде тауары бар.
 
 
Ләзат СЕЙСЕНБЕКОВА, КӘСІПКЕР:

Осы Ауыл Береке базарының басшысы кінәлі. Өйткені тура халық тұтынатын заттардың ортасында, киім кешектің ортасында асхана ашуға рұқсат берген. Оның қауіпсіздігі неге сақталмайды. Асханаға қарама қарсы туалет орналасқан. Санитарный норма қайда? өрт қауіпсіздігі неге сақталмайды? Сақталса тауарымыз өртенбейтін еді ғой.

Береке базарында өрт таңғы сегізге таман басталған. Қызыл жалын базар ішіндегі шағын асханадан шықты деген болжам бар.    Шығын көлемі әзірге белгісіз. Белгілісі, пластиктан жасалған 22 сауда нысаны, 4 контейнер, бір асхана отқа оранған. Тілсіз жау 600 ден астам шаршы метр аумаққа  жайылған. Базар басшылығы бізде   барлық қауіпсіздік ережелері сақталған, бұл аяқ астынан келген сынақ дейді.  

Данияр СЕГІЗБАЕВ, «БЕРЕКЕ» БАЗАРЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Сақтану шараларын жасап жүрміз. Светті өшіріп жүрміз. Таң ертең болған нәрсе бір Алланың жазасы. Ақша проблема емес. Ол шығыс. Бірақ Алланың алдында сынақ. Бұл кісілердің ашуланғандары алдына келмедім. Себебі мені жан-жақтан жұлмалап жатты.

 
Арнайы жұмыс тобы құрылды. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр.  Ал   тауарынан  айрылған кәсіпкерлердің өтемақысы заң аясында өндіріледі дейді жергілікті билік өкілдері.

Нұржан НҰРЖІГІТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Облыс әкімінің тарапынан жұмыс тобы құрылды. Зерделеу мақсатында. Екінші кезекте төтеншеліктердің тарапынан тексеріс жүргізіледі. Ненің салдарынан болды. Егерде кәнілі болып табылса олардың мойнына сіздердің шығындарыңызды қалпынга келтіру бойынша шешім қабылданады. Жұмыс жүргізілетін болады.

Қазір өрт болған жер қоршалып, тазарту жұмыстары  жүріп жатыр. Саудагерлер  билік уәдеде тұрып, талабымыз орындалса екен дейді.

Б. Жұмабайұлы