Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбе тұрғыны мұзға тайып құлап, мерт болды

AstanaTV
25.11.2022ж. 20:00
1908
Ақтөбе тұрғыны мұзға тайып құлап, мерт болды

Ақтөбеде 51 жастағы ер адам үйден шығып келе жатып, тайып құлап, мерт болды. Тұрғындардың айтуынша, баспалдақтағы мұз тазаланбаған, сондай-ақ, мұздан қорғайтын жапсырмалар жоқ болған. Тұрғын үй инспекциясы өкілдері аула аумағы қар мен мұздан асфальтқа дейін тазалануы тиіс екенін айтады. Бұл қайғылы жағдайдың нақты себебін ішкі істер органдары анықтап жатыр. Ал Қостанайды қалың қар басты. Көшелерде қозғалыс қиындады. Синоптиктердің айтуынша, бір айлық норма 24 сантиметр болса, 16 сағатта қалаға 18 сантиметр қар түскен.

Данияр СӘБИТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бірінші кезекте магистралдік көшелер мен әлеуметтік нысандарға апарАтын жолдарды аршып жатырмыз. Күндіз 300 адам. 127 техника жұмылдырылды. Орталықта көлік қозғалысы көп.Сондықтан шеткері жақтардың қарын тазартудамыз. Кешке қарай орталыққа ойысамыз.

З. Санай