Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қоғамда жалғызбасты ер мен әйел көбейген

AstanaTV
25.11.2022ж. 20:00
2299
Қоғамда жалғызбасты ер мен әйел көбейген

Қоғамда жалғызбасты ер мен әйел көбейген. Жалғыз тұрып, жалғыз жүруды жаны қалайтындар неге дендеп барады? Мамандар не дейді? Мәселені Бекболат Сатуов зерттеді.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

(Жатады, отырады, телвизор карайды ...сосын сойлейді.) Қазір көп жігіт осындай бейғам өмірді қалайды. Отбасын құрып, әйел алуды шетке ысырады. Жанына дос та жимайды. Себебі оларға у-шу ұнамайды. Жан тыныштығын сақтап, жеке басын күйттегенді жөн көреді. Өзін баптап, жақсы демалғысы келеді, ең дәмді тамақты талғап жеп, ләззатқа бөленеді.

Бүгінде жалғыздық пен жалғызбастылық ұғымдары әлеуметтік мәселеден гөрі қалыпты құбылыс, тіпті, трендке айналып кетті десек болады. Соңғы кезде жалғызбасты ана, жалғызбасты әке, жалғызбасты қария дегенді жиі естиміз. Жарайды олар өмірдің соққысына тап болғандар делік. Ал, әлі отбасын құрмаған, оң жақтағы арулар мен сүр бойдақтар ше? Олар тіпті жалғыздықты жаны қалайтындарын бүкпестен айтып жүр. Кейіпкерді алыстан іздемедік. Әріптесім Ерғали Рамазанұлының да пікірі осындай екен. Оған отбасы құруға ешқандай әлеуметтік кедергі жоқ, тек өзі қаламайды.

Ерғали РАМАЗАНҰЛЫ:

Ерғали, жасың 30-ға жақындады иә, шамамен. Неге үйленгің келмейді?

Негзі әрбір адамның өзінің мақсаттары бар. Кімге жұмыс, кімге отбасы,кімге өзін-өзі дамыту .Менің ең басты мақсатым ол соңғысы. Сол басқа аспектерге уақытта жоқ, энергиямда жетпейді.

Жалғыздықты жаны қалайтын қыз-жігіттер шынайы өмірден қол үзіп қалғандар дейді,-психолог. Әлеуметтік желідегілерге еліктеп, тәуелсіз болғысы келеді.

Балабек САҚТАҒАНОВ, ПСИХОЛОГ:

Біздің жастарымыз қазіргі уақытта мына шынайы өмір мен виртуалды өмірдің ара жігін ажырата алмай қалды да, адамның осы виртуалды өмірі адамның бейсанасына әсер ете отырып, шынымен де белгілі бір уақыттарда осындай деңгейге жетіп, өзімен-өзі ешкімге тәуелсіз, өмір сүре алады деген түсінік қалыптастырады.

Дегенмен, жалғыздықты құптамайтындар да бар. "Бас екеу болмай, мал екеу болмайды" дейді олар.

БЛИЦ:

- Менің ортамда ондайлар жоқ. Дұрыс емес қой конешно.

- Адам деген екі бас болады береке кіреді дейді үйге ше, ол енді сана сезім төмендіктен ғой.

- 25 жаста үйленген дұрыс деп ойлаймын.

Елдегі отбасы институты да соңғы жылдары жігіттер мен қыздардың отбасы құру жастары ұлғайып келе жатқанын айтады. Қазір бізде ерлер орташа 28 жаста, ал қыздар 23 жаста шаңырақ құратын көрінеді.

Бекзат ЕРМЕКБАЕВА, ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ МЕНЕДЖЕРІ:

Қазір мансап құрған қыздар олар бірінші кезекте тұрмысқа шығу емес, мансапты қойып жатыр. Ал ер азаматтар мысалы біреулер бизнеспен айналысады, шетелде оқиды. Сондықтан бірінші бізде қазір тұрмысқа шығу немесе үйлену бірінші басымдықта тұрған жоқ жастар арасында.

Бекболат САТУОВ – ТІЛШІ:

Әрине, әркімнің өз таңдауы, өз жолы бар. Дегенмен мамандар жалғыздық жанға жайлылық сыйламайды дейді. Бәрі уақыт өте келе мәнсіз болып кетуі ғажап емес. Сондықтан әр азамат бұл жағдайда эмоцияға емес, нақты ақылға сүйенген жөн дейді.

Б. Сатуов