Ауа райы -
Негізгі / Жобалар / ASTANA TIMES
ASTANA TIMES
Ақпараттық бағдарлама

ASTANA TIMES

Біздің арнаның «Жаңалықтар» қызметі енді эфирге жаңа форматта шығады. Атауы да жаңа  - «Astana Times». Енді қазақ және орыс тіліндегі жаңалықтар шығарылымы бір уақытта ақпарат таратпақ.

Күн сайын сағат 20.00-де "Астана" арнасының жаңалықтар қызметі күннің басты жаңалықтарын ұсынады. "Астана" телеарнасы тілшілердің мызғымас кәсібилігі мен отансүйгіштігі, нақты фактілер мен обьективті пікір, ұстамдылық пен сараптаманың айғақтығына басымдық береді.

Телеарнаның техникалық мүмкіндігі кең. Осының арқасында тілшілер кез-келген жерден тікелей эфирде жаңалық жеткізеді. Ең бастысы, пікір алуандығын сақтап әлеуметті толғандырған оқиғалар астарына үңіледі.

Көрермендермен кері байланыс орнату мақсатында «мобильді репортер» айдары да бар. Қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, таспаны біздің арнаның ватсап немесе әлеуметтік желідегі парақшасына жолдаңыз. 

Егер елге айтар жаңалығыңыз бар болса, сайтымыздың "байланыс" бөліміне кіріп, тілшілерге тікелей хабарласуыңызға да болады.    

  • Соңғы шығарылым
  • ASTANA TIMES 20:00 (30.09.2020)