Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×
Тәуелсіздіктің жеті қыры
Деректі фильмдер топтамасы

Тәуелсіздіктің жеті қыры

Елорда күніне орай «Астана» телеарнасы «Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты деректі фильмдер топтамасын дайындады. Фильмдер 2019 жылдың маусым айында өткен «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсеткен 7 сын-қатерге негізделген. Азаттықтың ақ таңы атқан тұста еліміз дәл осы қатерлермен бетпе-бет келді, ал оны жеңіп шығу егеменді Қазақстанның даму жолындағы бірегейлігін танытты.

Жалпы 7 фильм әзірленді. Оның әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған: экономика, интеграциялық үдерістер, ұлтаралық келісімдер, антиядролық бастамалар, жаңа елорда, транзиттік әлеует, қандастарымыздың Отанға оралуы. Фильмдер Елбасының ел дамуына қатысты қабылдаған саяси шешімдерінің куәсі болған белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің пікірлері мен естеліктерінен, сондай-ақ тарихшы, саясаттанушы және экономика саласының мамандарының сұхбаттарынан құралған. Мұның барлығы тиісті суреттермен және бейнематериалдармен қоса берілген (бейнеқор және қазіргі материалдар негізінде). 

Өткен шығарылымдар