Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×
Жаңа күн
Отандық телехикая

Жаңа күн

Басқа нәубет түскенде адам өз принциптеріне адал бола ала ма?

"Жаңа күн" телехикаясының негізгі сюжеті 90-шы жылдардағы қиын кезеңді бейнелейді. Әсіресе отбасылық құндылықтар мен жеке бастың мәселелері айқын көрініс тапқан.

Телехикаяның басты кейіпкерлері - Жанель мен Мұрат. Екі баланы тәрбиелеп отырған жас отбасы. Жанель аудармашы болып қызмет еткен, бірақ дағдарысқа байланысты уақытша жұмыссыз отыр. Осы сәтте жолдасы дүкен ашып, отбасын асырамақ болады. Бірақ "алтын көрсе періште жолдан таяды" демекші, ақшаның буына алданып, опасыздық жасайды. Жалғыз қалған Жанельдің Ерлан есімді ғалымның үйіне тәрбиеші болып жұмысқа орналасудан басқа амалы қалмайды. Кейін Ерлан да жұмыстан шығып қалады. Осылайша Жанель екеуінің арасында сезім пайда болады. Оқиға ары қарай қалай өрбір екен?!





Өткен шығарылымдар