Құтқарушылар шұңқырға түсіп кеткен баланы құтқарды
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданындағы Чайкина көшесінде тұрғын үйдің маңында бағана орнату үшін қазылған шұңқырға 2025 жылы туған бала құлап кеткен.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері баланы шұңқырдан алып шығып, анасына аман-есен тапсырды. Баланы әрі қарай тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
Бұған дейін, Қызылордада кәріз құбырын тазалау кезінде көз жұмған жұмысшылардың өліміне қатысты іс қайта қаралатынын жазған едік.