$450.79 €524.13 ₽5.31
×

Қызылордада кәріз құбырын тазалау кезінде көз жұмған жұмысшылардың өліміне қатысты іс қайта қаралады

Қызылордада кәріз құбырын тазалау кезінде көз жұмған жұмысшылардың өліміне қатысты іс қайта қаралады

Қызылордада қызмет барысында уланып көз жұмған жұмысшылардың өліміне қатысты іс қайта қаралады. Екі жұмысшы кәріз құбырларын тазалау кезінде газға тұншығып қаза тапқан. Компанияның бұрынғы директоры мен шебері сотталды. Ал зардап шеккен отбасына материалдық және моральдың шығын өндіруге шешім шықты. Алайда, бас прокуратураның мәліметінше, кінәлілер шығынды төлеуге құлықсыздық танытқан. Істі зерделеу барысында прокурорлар еңбек инспекциясының қорытындысына сүйенген. Онда оқиға 100 процент жұмыс берушінің кінәсінен болғаны көрсетілген.

ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ:

Бас прокуратура жоғары қауіптілік көзінен келген зиян үшін жауапкершілік қызметкерлерде емес, кәсіпорында болуы тиіс екенін атап, МКК-ды азаматтық жауапкер ретінде тарту үшін сот актілерін азаматтық талап бөлігінде жою туралы кассациялық наразылық енгізді. Кассациялық сот прокурордың наразылығын қанағаттандырып, үкімді азаматтық талап бөлігінде күшін жойды және қылмыстық істі осы бөлігінде қарау үшін сол сотқа өзге құрамда қарауға жолдады.