16 күндік нәрестеге күрделі операция жасалды

egemen.kz

Сәбиге жұлын жарығы диагнозы қойылған

Маңғыстауда туғанына небәрі 16 күн болған нәрестеге күрделі нейрохирургиялық операция жасалды. Бұл туралы Astana TV хабарлады.

Арнайы нейромониторинг әдісі қолданылып, баланың жүйке жүйесінің қызметі жіті бақыланды. Бұл дәрігерлерге өзгерістерді дер кезінде байқап, ықтимал асқынулардың алдын алуға мүмкіндік берді.

Дәрігерлердің біліктілігінің арқасында операция сәтті аяқталып, сәби үйіне шығарылды. Алдағы уақытта бала жоспарлы оңалтудан өтіп, дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады.

Бұған дейін, министр өзі қайтыс болғаннан кейін ағза мүшелерін донор ретінде қолдануға келісім бергенін жазған едік.