$450.91 €522.69 ₽5.33
×

Министр өзі қайтыс болғаннан кейін ағза мүшелерін донор ретінде қолдануға келісім берді

Министр өзі қайтыс болғаннан кейін ағза мүшелерін донор ретінде қолдануға келісім берді
gov.kz

Қазақстанда 4 мың 867 адам трансплантацияға мұқтаж

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназар қайтыс болғаннан кейін ағза мүшелерін донор ретінде қолдануға келісім берді. Бұл туралы министр Instagram-парақшасына жазды деп хабарлады Astana TV.

«Бұл туралы ашық айтуды маңызды деп санаймын. Денсаулық сақтау министрі болғаным үшін емес, әрқайсымыз бір күні өзіміз не жақынымыз үшін осындай шешім қабылдауымыз мүмкін болғандықтан», — деп жазды ол.

Денсаулық сақтау министрінің сөзіне қарағанда, Қазақстанда донор болуға келісім бергендердің саны артып келеді. 

Елде шамамен 184 мың адам өлгеннен кейін донор болуға келісіп, eGov арқылы рұқсат берген.

Бұған дейін, Қарағандыда жүректің ишемиялық ауруы бар төрт науқасқа инновациялық операция жасалғанын жазған едік.