Басшылық
Исаев Азамат Ырзағұлұлы

Исаев Азамат Ырзағұлұлы

1984 жылы 21 тамыз айында дүниеге келген. Үйленген.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша білім алды.

Телевизия саласында 18 жылдан астам жұмыс істейді. Медиа-менеджер бойынша жұмыс өтілі 15 жыл.

Өзінің мансабын 2001 жылы ЖШС "Shahar" Телерадиокомпаниясында тілші ретінде бастаған.

2004 жылдан бастап "HiT TV" музыкалық телеарнасының продюсері қызметін атқарды.

2005 жылы "SuperStar KZ" мега-жобасының продюсері болып жұмыс істеді.

2007-2008 жылдары "HiT TV" телеарнасының атқарушы продюсері қызметін атқарды.

2009-2019 жылдарда Қазақстанның шоу-бизнесі туралы " Go! Go! magazine" журналында бас редакторы.

2009-2010 жылдар аралығында "MuzZone"музыкалық телеарнасын басқарды.

2010-2012 жылдары "Балапан" телеарнасында "Әліппе" тележобасының және "Бала тілі-бал" отбасылық ойын – сауық шоуының авторы болды.

2012-2018 жылдары "Астана" телеарнасында креативті продюсер болып жұмыс істеді, кейін

2013 жылы "ORDA FM" радиосының негізін қалап, директоры болып қызметін атқарған.

2018-2019 жылдары "Қазақстан" арнасының жобаларының бас продюсері

2019 жылғы тамызда "Астана" телеарнасының бас продюсері қызметіне тағайындалды.

"Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы" сыйлығының лауреаты, "Нұр Сұңқар" сыйлығының жеңімпазы.