Басшылық
Жүнісов Ержан Қошқарәліұлы

Жүнісов Ержан Қошқарәліұлы

1985 жылы 11 наурызда дүниеге келген.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің "Журналистика" мамандығы бойынша білім алды.

Ержан Жүніс жеке өмірі мен кәсіби қызметінде бастамашыл, креативті және белсенді болуды жақсы көреді.

Еңбек жолын 2006 жылы «Хабар» Агенттігі» АҚ редакторы қызметінен бастады.

2009-2011 жылдар аралығында - жаңалықтар бөлімінің корреспонденті болды.

2011-2012 жылдары - «Хабар» Агенттігі» АҚ сараптамалық бағдарламалар дирекциясының продюсері болған.

2013 жыл - Түрік Республикасындағы "Астана" телеарнасының штаттан тыс тілшісі болды.

2013-2018 жылдар аралығында «Хабар» Агенттігі АҚ «Хабар 24» арнасы халықаралық ақпарат бөлімінің Түркия Республикасындағы меншікті тілшісі қызметін атқарды. 

2019 жылы - "ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ" ЖШС Бас директорының кеңесшісі, кейін "ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ"ЖШС Бас директорының орынбасары болды. Содан кейін "ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ" ЖШС Бас директорының міндетін атқарды.


2019 жылдың 7 қазанынан бастап "Orda FM" радиосының директоры.