Басшылық
Смағұлова Қарлығаш Найманқызы

Смағұлова Қарлығаш Найманқызы

Телевизия саласындағы еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласында «Гала-ТВ» студиясында режиссердің көмекшісі ретінде бастады. «Лучше быть здоровым», «Бабье царство» және т.б. ток-шоуларда режиссердің ассистенті болып, бағдарламаларда жұмыс жасады. 

Телевизия саласындағы нағыз майталмандар - Гүлнәр Мейірбекова, Ирина Черноловская, Игорь Пискунов және студияның негізін қалаушы Галина Леонидовна Күзембаеваларды ұстазым деп біледі. 

Қоюшы режиссер ретінде алғаш рет өздігімен жасаған жұмысы «Қазақстан» телеарнасында Михаил Дорофеевпен, содан кейін Владимир Рерихпен «Формула личности» бағдарламасы болды. 2003 жылы Жапонияды білімін жетілдірді.

2008 жылы «Қазақстан» телеарнасына бас режиссер ретінде келді. Мемлекеттік телеарнада тікелей эфирлерді, арнайы жобаларды, Елбасының қатысуымен өткен телекөпірлерді ұйымдастырды.

2012 жылдан бастап "Астана" телеарнасының бас режиссері.