Басшылық
Бибигүл Жексенбай Нұрғалиқызы

Бибигүл Жексенбай Нұрғалиқызы

1971 жылы 2 желтоқсанда дүниеге келді.

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмәмдады. Халықаралық Бизнес Академиясының бизнес басқару магистрі.

Ондаған телевизиялық фильмдердің авторы.

Кәсіби қызметтік жолын 1992 жылы «Спорт» басылымында тілші болып бастады, кейінірек республикалық қоғамдық-саяси «Жас Алаш» және «Атамұра» басылымында қызмет етті.

1996-2007 жылдары “Хабар” агенттігінде тілші, орталық бюро директорының орынбасары болды. 2007 жылы “КТК” телеарнасының қазақ тіліндегі бағдарламалар редакциясының жетекшісі, 2007-2008 жылдары “Қазақстан” телеарнасы ақпарат-сараптама бағдарламалары дирекциясы жетекшісі, телеарна директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2008-2016 жылдары “ЭРА” телекомпаниясы” ЖШС бас директорының орынбасары, “Жетінші арна” телеарнасының бас редакторы, бас директордың орынбасары, бас директор, “ЭРА” телекомпаниясы” ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы болды. Бас редакторлар клубының президенті де болды. 2016-04.2018 ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды. 18.04.2019 бастап "Астана қаласы теледидары" ЖШС Бас директоры.

«Құрмет» ордені, БАҚ саласындағы Қазақстан Республикасының Президенті сыйлығының лауреаты, "Нұр сұңқар" республикалық байқауының жүлдегері, «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10-жылдығы», «Астананың 10-жылдығы» мерекелік медалдарымен марапатталған және «Мәдениет қайраткері» атағының иегері.