Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Алматыда көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізуші жасөспірімді қағып өлтірді

13.12.2023ж. 20:00
526
Алматыда көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізуші жасөспірімді қағып өлтірді

Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі жасөспірімді қағып кетті. Ол сол жерде тілге келместен көз жұмды. Сұмдық жағдай «Қалқаман» шағын ауданында болған. «ГАЗ-53» маркалі автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан баланы қағып кетіп, қашып кеткен. Бір тәуліктен кейін ол Алматы облысында алкогольдік және есірткілік масаң күйде ұсталды. Ал көлігі жақын маңдағы көшеден табылған. Тексеру барысында күдіктінің 3 жыл бұрын 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Салтанат ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бозбаланы қағып кеткен жүргізуші ұсталды. Қазір ол қамауда. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі және ҚР ҚК-нің 347-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.