Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Сынған сүйек басқа ағзаларды бүлдіре бастаған": Мұхамеджан Тазабекке Түркияда ота жасалды

AstanaTV
13.12.2023ж. 23:54
1656
"Сынған сүйек басқа ағзаларды бүлдіре бастаған": Мұхамеджан Тазабекке Түркияда ота жасалды

Қазақстандық танымал айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабекке Түркияда ота жасалынды. Өнер иесі операциядан кейін байланысқа шығып, қазіргі жағдайын бөлісті.

Мұхамеджан Тазабек Түркияда емделіп жатқанын Instagram парақшасында хабарлады. Медициналық тексеріс нәтижесінде айтыскер ақынның аяғына ота жасау керек болған. Себебі оның сынған сүйегі жазылудың орнына басқа ағзаларды зақымдай бастаған. Мухамеджан Тазабек отадан кейін желіде оқырмандарымен байланысқа шығып, өз жағдайын айтты. Ол өзі үшін алаңдаған көпшілікке алғысын білдірді.

"Құрметті достар! Маған білдірген тілектестіктеріңізге, жасаған дұға-баталарыңызға көп рахмет! Алладан қайтсын! Отадан өтіп, терең ұйқыдан оянғасын, әуелі анама хабарластым, сосын жақындарыма, туыс-достарыма амандығымды білдірдім. Алаңдап отырған жанашырларың, саулығыңды тілейтін елің-жұртың болғаны үлкен бақыт! Заманауи емхана, білікті дәрігерлердің алдында жатсаң да, арнайы ниеттеніп, аз-кем дайындықпен келсең де "быламыққа тіс сынатынын" білетін әлсіз пенде ретінде уайымдайсың. Осыдан 1,5 жыл бұрын аяғымды сындырып алдым. Отасыз әр түрлі емдерін жасап көрдім. Бірақ бітпеді. Сынған сүйек жазылудың орнына басқа ағзаларды бүлдіре бастаған екен. Қазір отадан кейін өзіме келіп жатырмын. Осындай кезде бүкіл өмірің көз алдыңнан өтеді екен", - деп жазжы ол.