$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстан бойынша жел күшейеді деп болжанды

AstanaTV
14.12.2023ж. 09:40
990
Қазақстан бойынша жел күшейеді деп болжанды

Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 14 желтоқсанға арналған күн райы болжамын ұсынды.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклоны ықпал етеді, негізінен жауын-шашынсыз, аяз болады.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың батысында қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұрқасын соғады. Атыраудың оңтүстігінде, шығысында, Маңғыстау облыстарының шығысында шаңды дауыл тұрады, оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түседі, – деп жазды синоптиктер.

Қазақстан бойынша жел күшейеді деп болжанды.

Түнде солтүстікте, Алматы және Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында -33-38°С аяз болады, орталықта, Жетісу облысының таулы аймақтарында аяз -31-36°С шамасында болады.

Түркістан және солтүстік-шығыс Жамбыл облыстарының таулы асуларында синоптиктердің болжауынша, желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады.