Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"AMANAT" партиясы сайлауалды бағдарламасының орындалуын пысықтады

AstanaTV
14.12.2023ж. 20:00
378
"AMANAT" партиясы сайлауалды бағдарламасының орындалуын пысықтады

Оралда «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы қалай іске асырылып жатқанын пысықтады. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев партияның Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы фракциясы алдында есеп берді. Бағдарламада өңірдегі тұрғын үй құрылысы, жол салу, білім мен денсаулық сақтау салаларына басымдық берілген. Бүгінде бұл мәселелер біртіндеп шешімін тауып, биылдың өзінде 14 мектеп пен 6 емдеу мекемесі салынды. Дегенмен бағдарламада көрсетілген 122 іс-шараның жыл басынан бері тең жартысы ғана орындалған. Қалғаны әлі жүзеге асырылып жатыр. Фракция мүшелері бұған да көңіл аударып, жауапты мемлекеттік мекемелерге бағдарламаның келесі жылы толық орындалуын міндеттеді.

Нариман ТӨРЕҒАЛИЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:
Биылғы жылы 26 миллиард 700 млн теңге ақша бөліп, 291 шақырым жолды жөндеуден өткіздік. Бүгінгі күні Жәнібек ауданына, Ордаға қарай жолды апардық. Алла қосса, келер жылы түбегейлі аяқтайтын боламыз. Партиялық бақылау, біздің тарапымыздан мемлекеттік органдардың бақылауы, қоғам тарапынан бақылаулардың арқасында осындай іс-шаралар жүзеге асып жатыр.
Ақтөбе облысында 2023-2027 жылдары жол картасымен жоспарланған жобалардың біршамасы орындалды. Мұғалжар ауданында 60 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Мұғалжар, Алға, Ойыл аудандарында жаңа емхана ашылды. Облыста тоғыз спорт кешенінің құрылысы аяқталды. 400 адамды жұмыспен қамтитын үш кәсіпорын іске қосылды. «Ауыл Аманаты» жобасы бойынша 7,6 млрд теңгеге өңірде 1659 жоба іске қосылды. Өңірдегі партияның «Қарызсыз қоғам» жобасы негізінде 8 мың адам оқытылды.

Күлпаршын АЙДАРХАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Және депуттаттардан төрт сауалнама жолданды. Қазіргі кезде 10,9 млрд теңге бөлінді. Ол қай салаға жұмсалды десеңіз. Ол жол дұрысталды. Қобда ауданында 2-ші поликлиникаға жөңдеу жұмыстарына 500 мың жетпей жатыр деп олда Аманат партиясының ұсынысымен жасалды. Ырғыз ауданында спорт кешенін жөңдеуге қосымша қаражат берілді деп айтқым келеді.