Ақмола облысында жедел жәрдем мен «ГАЗель» жүк көлігі соғысты. Жол апаты «Астана-Қабанбай батыр» тасжолында болған. Салдарынан 28 жастағы фельдшер, 73 жастағы науқас пен 2 жүргізуші ауыр жарақат алды. Олар түрлі диагнозбен елорда ауруханасына жеткізілді. Облыстық полиция департаментінің дерегінше, 20 жастағы «ГАЗель» жүргізушісі қарама-қарсы бетке шығып кеткен. Ал жедел жәрдем науқасты Астанаға алып бара жатқан. Аталған дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.