Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Әзербайжан мен Армения соғыс тұтқындарын алмастырды

AstanaTV
15.12.2023ж. 00:53
654
Әзербайжан мен Армения соғыс тұтқындарын алмастырды

Осылайша, тараптар қатынастарын жақсарту жолында маңызды қадам жасап отыр, - деп жазды zakon.kz.

Әзербайжан мен Армения соғыс тұтқындарын алмастырды.

Келісім бойынша, тұтқын алмасу шекарада өтті. Әзербайжан Арменияға 32 сарбазын қайтарған. Олардың көбі – 2020 жылғы соғыс кезінде қолға түскендер.

Ал Армения Әзербайжанға сәуірден бері қамауда отырған екі жауынгерді тапсырды.

Жақында Баку мен Ереван территориялық тұтастық пен егемендікті құрметтеу қағидаттарын негізге ала отырып, бейбіт келісімге қол жеткізуге де күш салатындарын мәлімдеген еді.