Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Президент Metal Former зауытының өндіріс желісімен танысты

AstanaTV
15.12.2023ж. 15:34
922
Президент Metal Former зауытының өндіріс желісімен танысты

Мемлекет басшысы жабынды мен қаптама материалдарын шығаратын «Metal Former» ЖШС-нің өндіріс желісімен танысты, деп хабарлайды Ақорда. 

Ішкі нарыққа шығарылатын зауыт өнімі шетелден импортталатын алюминий профильдерді 15 пайызға дейін, ал шатыр жабындылары мен фиброцемент панельдер импортын 40 пайызға дейін алмастыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысына өндіріс цехы мен дайын өнімдер көрсетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев импорттан келетін құрылыс материалдарын өзіміздің отандық өнімдер алмастыруы керек екеніне назар аударып, мұндай кәсіпорындарды қолдаудың маңызын атап өтті.