Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақстан футзалдан әлем чемпионатына жолдама алды

AstanaTV
15.12.2023ж. 20:00
332
Қазақстан футзалдан әлем чемпионатына жолдама алды

ҚАЗАҚСТАН ФУТЗАЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Нидерланды командасын жеңді. Өз алаңызда өткен матчтың 25-ші секундында қақпаға бірінші допты Біржан Оразов соқты. Ал жетінші минутта Дуглас Жуниор қазақстандықтарға тағы бір мәрте қуаныш сыйлап, есепті еселеді.

Осы жеңістен соң Рикардо Каканың шәкірттері іріктеу кезеңінен А тобы бойынша бірінші орынды иеленіп, келесі жылы Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Ойынды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та тамашалады. Ал 20-шы желтоқсанда соңғы матчты қазақстандықтар Румыниямен өткізеді.

ҚАЗАҚСТАН ХОККЕЙДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫНАН ТОП-ДИВИЗИОНҒА ӨТТІ

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының бірінші дивизионында Қазақстан құрамасы Жапондықтарға қарсы ойнады. Есепті қарсылас команда ашты, бірақ Егор Смольянинов бірден есепті теңестіріп үлгерді. Ал екінші кезеңде Кирилл Ляпунов шайбаны қарсы қақпаға дәл соқты. Шешуші сәтте Руслан Оспанов есепті 3:1-ге жеткізді.

Жастар құрамасының бас бапкері Сергей Старыгин кездесу туралы пікірімен бөлісті: «Жеңістің аты жеңіс, оңай болмады, әрине. Осыған дейін Жапондықтармен сан мәрте ойнасақ та, жеңіл емес. Дегенмен бүгін шайбаны өзімізге ыңғайлап, қарсыласқа дес бермедік. Басында қақапаға гол өткізгеніміз,жағдайды қиындата түсті. Спортшылардан ойын барысында әркез шапшаң әрі ұтымды шешім шығарғанын қалар едім, бірақ бүгін ондай ерекшелік байқамадым».

Ал Франция құрамасы Австриялықтарды 7:4 есебімен жеңді. Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы элиталы дивизионға шығуға мүмкіндік алды.

Бізде әлем біріншілігінің соңғы ойынының алдында 12 ұпай болса, француздарда 9 ұпай. Қазақстан соңғы ойында Австриядан жеңілсе, Францияның Венгрия командасын жеңгенін есептесек, командалар арасында ұпай теңеседі. Бірақ отандастарымыз француздармен кездесуде басым түседі.

«АСТАНА» «ВИКТОРИЯДАН» ЖЕҢІЛДІ

Лига Конференцияның қорытынды матчында «Астана» чех клубы «Викториямен» ойнады. Матч қожайындары жеңісті өздерінде сақтап, есепті 3:0 етті. Ал 58 минутта Адам Влаканова, кейін Джон Москера ерекшеленіп 67-ші және 82-ші минуттарда гол соқты. Осылайша, «Астана» өткізген 6 ойын нәтижесінде 4 ұпай алып, Григорий Бабаянның құрамасын Лига Конференциядағы прей-оффтан шеттетті.

Еске саламыз, топтық ойынды «Астана» тек косовалық «Балканмен» өткізіп, өзімізде 0:0 және сыртта 2:1 есебімен аяқтады.

СОБОЛЕНКО ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Белоруссиялық теннисші Арина Соболенко 2023 жылғы ITF есебі бойынша әлем чемпионы атанды. Мұндай дәрежеге Соболенко алғаш рет жетті. Осы жылғы маусымда Арина Australian Open турнирінің «Үлкен шлем» ойынында жеңіске жетті. Ол WTA рейтінгінде көш бастағанымен, өз орнын жыл соңына дейін сақтап қала алмады.

Australian Open-нен бөлек, 2023 жылы Арина Соболенко Австрия мен Испанияда өткен ойындарды жеңіп, Германия мен АҚШ-та финалға өтті.

UFC 296: АНОНС

Желтоқсанның 16-нан 17-не қараған түні Лас-Вегастың T-Mobile Arena-сында UFC 296 турнирі өтеді. UFC –дің негізгі белдесуінде орта салмақтағы чемпион Леон Эдвартс, үздіктер рейтингінде үшінші орынға жайғасқан Колби Ковингтонмен кездеседі. Ал оның алдында жеңіл салмақ категориясының чемпионы Александр Пантожа титулға күресті үздіктер рейтингіндегі екінші орын иесі Брэндон Ройвалмен өткізеді.

Әрі ең басты кезеңде ешкімге дес бермеген қазақстандық Шавкат Рахмонов, сегізбұрышты жартылай орта салмақтағы титулға бұрынғы үміткер Стивен Томпсонмен бөліседі.

Еске саламыз, «Номад» кәсіпқой ММА жекпе-жегінің барлығында мерзімінен бұрын 17 рет жеңіске жеткен. Шавкат Томпсонмен өтетін текетірес келесі жылы чемпиондық атақ үшін күресуге мүмкіндік беретінін айтты.

Рахмонов алдағы жекпе-жекке қатысты осылай деді: «Мен болашақты болжай алмаймын, дегенмен жеңіске жету үшін қолдан келген амалдың бәрін жасаймын. Осыған дейінгі жекпе-жектерімді мерзімінен бұрын аяқтадым. Мұны да уақытынан бұрын аяқтап, чемпиондық атақ жекпе-жегіне дайын боламын».