Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматы облысының тұрғындары қақаған қыста жылусыз, жарықсыз қалды

15.12.2023ж. 20:00
493
Алматы облысының тұрғындары қақаған қыста жылусыз, жарықсыз қалды

Қыстың нағыз қытымыр аязында Алматы облысындағы Айғаным ауылының тұрғындары жылусыз қалды. Бұл жағдай үшінші жыл қатарынан қайталанып отыр. Жарықтың жоқтығы да жұрттың жүйкесін жұқартты.

Қылышын сүйреп келген қысқа Айғаным ауылындағы газ жүйесі төтеп бере алмады. 100-ден аса тұрғын тоңып отыр.

Жұлдызай ҚҰСАЙЫНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Аяз басталғалы бері тамақ жасаймыз, шәй жасаймыз проблемасы былай тұрсын, үй жылымай жатыр. Үй мүлдем жылымайды, неше көрпе киіп, бірнеше қабат киім киіп қыстық киіммен жүр үйде балаларымыз. Шағымданбаған жеріміз жоқ. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ.

Ауыл тұрғындары газ құбырын орнату оңай болмағанын айтып жеке компанияға шағымданды. Олардың айтуынша жыл сайын қыс мезгілінде газдың қысымы төмен болады екен. Амалсыздан көмір жағып, тоқ пештер пайдаланып отыр. Оған қоса жарықта жиі өшіп, жығылғанға жұдырық болып тұр.

Айымқыз ЗЕМБИЛОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Тұрғанымызға бірталай жыл болды, бірақ газды кіргізгенімізге осы ноябрьдің аяғында кіргізгенбіз. Бір апта ғана жанды. Бар тапқан таянғанымзды шалысыз екеуміз кредитке алып, газды кіргіздік. Бір апта жанды да давление жоқ, өшті де қалды. Енді пенсионер адам газ кіргізіп, жылынып, енді рахатын көреміз деп жатқанда қайтадан сол пешпен алысып жатырмыз.

Айгүл Келтаева, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Дәл менің үйімде газды қосқаныма 3 жарым жыл болды, соның үш жылында мендегі жағдай мәселе күн суыта бастағаннан бастап газ қысымы көтерілмейді, мүлдем напор жоқ. Жылытатын пешті алып соны қосып отырмыз, оны қоссақ автоматымыз өшеді. Светіміз де сондай, күні кешке дейін кеше свет 4 рет өшті. Газға тікелей жауапты адамдарға шықсақ біз жауап бермейміз, бізге ШГРП қойу керек, шкафтар қоау керек дейді. Енді соны күн суытпай, күн жылы кезде неге солай қамданбайды.

Газға жекеменшік компания мәселені назарға алып бір аптада қосымша жылу тарату шкафтарын орнататынын жеткізді. Бұған дейін қаржы қарастырылмапты.

Құралай ШАРАПЕЕВА, «АРАЗ ИНВЕСТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Бүкіл ШГРП-лар норма емес, нормадан жоғары тұр. Шеткі үйлерге жетпей жатыр. Шеткі автомобилистті дача ретінде біз кезінде қоспайтынбыз дегенбіз. Ал ол адамдар шулап тура жанымызда өтіп тұрған газды біз неге ала алмаймыз деп ол жерге қостық. Енді ол жерге шгрп апаруымыз керек 1 жетіде, сол кезде шешілкді бұл әңгіме. Бұған дейін финансирование болған жоқ, жаңа ғана финансирование келді.

Ауылдық округ әкімінің сөзіне сенсек, газ құбырларындағы ақауға елді мекенде құрылыс пен үйлер көбейгені әсер еткен. Әкімдік тарапынан тек рұқсат қағазына қол қою жұмыстары ғана жүргізілетінін жеткізді.

Нұрбол ЕСЕМБАЕВ, ҚАЙНАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Қазір ШРП бәрін тексеріп шықты давлениелері максимально көтеріп қойды. Техниктердің бәрі шақырылыды. Қазір тағы да максимально көріп шығамыз қалай болатынын. Енді бұл кісілердің 3 жылдай 2 жылдан артық болып көтерілген вопростары. Енді маған бір ай бұрын келді шындығын айтқанда, қазіргі таңда енді сол бойынша рұқсат қағаздарын дайындау бойынша жұмыс атқарамыз.

Саршұнақ аязда үйлерінде бүрсең қағып отырған тұрғындар тағы бір апта шыдауы қажет.