Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Г. Әбдіхалықова мемлекеттік наградалар табыстады

AstanaTV
13.12.2016ж. 20:00
2358
Г. Әбдіхалықова мемлекеттік наградалар табыстады

Ел тәуелсіздігі қарсаңында Президент жарлығымен барлығы 2710 адам жоғарғы марапатқа ие болмақ. Тәуелсіздікті нығайтып, мемлекеттің дамуына сүбелі үлес қосқандардарға награданы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова Ақордада табыстады. Олардың арасында мәдениет, білім және ғылым, денсаулық сақтау өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер және экономика мен бизнес өкілдері де бар.

Гүлшара Әбдіхалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

Бұл ел Президентінің Қазақстан азаматтарына, оның ішінде сіздердің тәуелсіздікті дамытуда және ел дамуына қосқан елеулі еңбектеріңізге берген лайықты баға деп қабылдауымыз керек. Ел тәуелсіздігінің биылғы елеулі белесі барша халқымыз үшін еңселі мерекеге айналуда.