$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Болат Нұрхожаев: Біз 1930 жылы алға жылжып кеткен уақытпен өмір сүріп жатырмыз

AstanaTV
16.12.2023ж. 05:00
1838
Болат Нұрхожаев: Біз 1930 жылы алға жылжып кеткен уақытпен өмір сүріп жатырмыз

Сауда және интеграция министрлігі ұйымдастырған баспасөз конференцияда қолданбалы хронобиология сарапшысы Болат Нұрхожаев уақыт белдеуін өзгерту қалай іске асатынын түсіндірді. Бұл туралы Kyzylorda-news.kz.  хабарлайды.

«Ашық НҚА» порталындағы құжатқа сүйенсек, 2024 жылы наурызда уақытты өзгертеді екенбіз. Содан кейін ол қала ма? Әлде жылына 2 рет ауыстырып тұрамыз ба?», - деп сұрады журналист.

Сарапшының айтуынша, бұл – бір-ақ реттік шара.

«Біз 12 облыс пен 3 қаланың уақытын табиғи уақытқа бір рет көшіреміз болды. Біз 1930 жылы алға жылжып кеткен бір сағат уақытпен өмір сүріп жатырмыз. Көп адам оны білмейді», - деді Болат Нұрхожаев.

Оның сөзінше жаңа уақыт белдеуі ел астанасының табиғаи уақыт көрсеткішіне сай.

«Жалпы бесінші сағат белдеуі деген – Астана мен Шығыс Қазақстанның табиғи уақыт белдеу. Біз соған қайтарайық деп жатырмыз. Әлеуметтік желіде көптеген сұрақ болды. Табиғи уақытқа көшке зиянды екені туралы пікірлер тарап жатыр. Бірақ бұл – ғылымның мәселесі. «+5» деп аталатын уақыт белдеуі елдегі 12 облыс пен 3 облысқа теңестірілген қаланың уақыт белдеу болады. Оны есептеу оп-оңай. Кезінде 6 сыныпта оқыдық оны. Яғни, кез келген қаланың бойлықтағы координатын алып, 15 градусқа бөлек, сол өңірдегі сағат белдеуі шығады. Оны ұялы телефондағы координаттармен қарап, 15 градусқа бөлу арқылы кез келген адам есептей алады», - деді маман.