Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Алматы облысында қар құрсауында қалған азаматтар құтқарылды

AstanaTV
16.12.2023ж. 10:58
630
Алматы облысында қар құрсауында қалған азаматтар құтқарылды

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында қар құрсауында қалған азаматтар эвакуацияланды.

«2023 жылғы 15 желтоқсанда сағат 09:22 - де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылынан 15 шақырым жерде қар құрсауында 2 автомобиль (жүк көлігі және жеңіл көлік) тұрып қалғаны және оның ішінде 1982, 1968, 1985 жылы туған 3 ер адам болғандығы туралы хабарлама келіп түсті», - деді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінен.

Азаматтарды эвакуациялау үшін департаменттің 4 қызметкері мен ТРЭКОЛ жол талғамайтын көлігі шықты. Оқиға орнына келгеннен кейін бұл адамдар жаяу ең жақын шаруа қожалығына жеткені белгілі болды.

Сағат 15:00-де 1982 жылы туған ер адамды Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылына эвакуациялау жүзеге асырылды, шаруа қожалығында қалған екі қызметкерге тамақ жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады.

«Алматы облысының ТЖД азаматтарды дауылды ескертулерді назардан тыс қалдырмауға және қысқа смс хабарламалар алған кезде алыс жолға шықпауға шақырады», - деп ескертті департаменттен.