Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қазақстанның тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады

AstanaTV
16.12.2023ж. 11:30
600
Қазақстанның тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады

Синоптиктер сенбіде, 16 желтоқсанда еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтынын болжайды.

Синоптиктердің мәліметінше, сенбі күні Астана, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Семей, Риддер, Петропавл, Көкшетау және Павлодар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынымық, желдің болмауы, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ пайда болған кезде елдімекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін.