Кувейт Әмірі Наууаф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах 86 жасында дүние салды.
Қаралы хабармен 16 желтоқсанда Әмір кеңсесі мемлекеттік телеарна эфирі арқылы бөлісті.
"Біз Кувейт мемлекетінің Әмірі, шейх Наууаф әл-Ахмед ас-Сабахтың қазасын зор өкінішпен қабыл ала отырып, қабырғамыз қайыса қайғырамыз", – деп келтіреді Al Jazeera кеңсе хабарламасын.
Әмір 2020 жылдың қыркүйегінде 91 жастағы ағасы шейх Сабах әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах қайтыс болғаннан кейін таққа отырған болатын. Кувейттің келесі әмірі 83 жастағы тақ мұрагері Мишаал әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах болуы керек.