Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Жамбыл облысында қараусыз малдар 21 жол апатына себеп болды

AstanaTV
17.12.2023ж. 14:40
731
Жамбыл облысында қараусыз малдар 21 жол апатына себеп болды

Жамбыл облысында қараусыз малдар 21 жол-көлік апатына себеп болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Қыс мезгілi келсе де төрт түлік малдың қараусыз жүруiне шектеу қойылмай отыр. Малдардың иесiз, бос жүруi түрлі қайғылы жағдайларға себеп болып отыр. 

"Мал иелері өз мүлкіне немқұрайды қарау ұрлыққа әкелуі мүмкін екенін түсінуі керек. Ұрылар далада қараусыз қалған малды оңай айдап әкетуі мүмкін. Бұдан басқа, қараусыз малдың жол-көлік оқиғаларының себепкері болу ықтималдығы жоғары", - дейді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ержан Мананбаев.

Биыл 11 ай бойынша жүргізiлген талдау нәтижесіне сәйкес, үй жануарларымен соқтығысқан 21 жол-көлік оқиғасы тiркелген. Соның салдарынан 8 адам қаза тауып, 30 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Малдарын бақылаусыз қалдырған 2221 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.