Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Эквадорда Ұлыбританияның құрметті консулын ұрлап кетті

AstanaTV
17.12.2023ж. 19:15
977
Эквадорда Ұлыбританияның құрметті консулын ұрлап кетті

Эквадорда Ұлыбританияның Гуаякилдегі құрметті консулы Колин Армстронгты ұрлап кетті. Kazinform бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, ұрлау оқиғасы сенбі күні таңертең Лос-Риос провинциясында болған.

Бұл жөнінде Эквадор полициясы X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жазды.

«Бүгін таңертең Лос-Риода болған кәсіпкерге қатысты болжамды қылмысқа байланысты Эквадор полициясының мамандандырылған бөлімшелері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады.

Полиция келтірген мәлімет бойынша, консулмен бірге тағы бір адам ұрланған.