$537.91 €628.87 ₽6.6
×

Димаш Құдайбереген Хайнань аралындағы Халықаралық кинофестивальде өнер көрсетті

AstanaTV
18.12.2023ж. 04:03
Димаш Құдайбереген Хайнань аралындағы Халықаралық кинофестивальде өнер көрсетті

Қытайдың Хайнань аралында Бесінші халықаралық кинофестиваль ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz әншінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оңтүстік Қытай теңізінің таңғажайып жағалауында Саньядағы Шангри-Ла курортында танымал кинорежиссерлер, актерлер мен музыканттар жиналды.

Димаш Құдайберген ашылу салтанатында итальялық режиссер Пьерджузеппе Зайидің Creators: The Past көркем фильмінің басты тақырыбы – Across Endless Dimensions композициясын орындады.

Сондай-ақ әйгілі қытайлық актриса және әнші Лоу Исяомен (Loura) бірге кинофестиваль сахнасында Қытайдағы ең танымал әндердің бірі – "Жасмин" орындалды.

Димаш алғаш рет 2018 жылы Хайнань аралындағы кинофестивальге қатысып, әлемге әйгілі My Heart Will Go On композициясын – "Титаник" кинофильмінің саундтрегін орындады.