$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ғалымдар ұзақ өмір сүру үшін қанша бала туу керегін айтты

AstanaTV
18.12.2023ж. 08:35
7883
Ғалымдар ұзақ өмір сүру үшін қанша бала туу керегін айтты

Баланы дүниеге әкелу – күйзеліске түсіп, уайымға салыну, ұйқысыз түндерді бастан өткеру. Ал баланы өсіріп жеткізу қажыр-қайратты, еңбекті талап етеді. Бірақ Мичиган университетінің ғалымдары бала сүйе алмаған адамдардың ұзақ өмір сүрмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Доктор Питер басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеушілер Ұлыбританияда тұратын 276 000 адамның генетикалық және медициналық ақпаратына талдау жасаған. Зерттеу нәтижесіне сәйкес олар баласы бар адамдардың ұзақ өмір сүретінін анықтады.

“Балалы болу ұзақ жасауға септігін тигізеді. Біз 76 жасқа дейін өмір сүру ықтималдығын өлшедік. Баласы барлардың балалары жоқтарға қарағанда 5-10% бірқатар артықшылықтары бар. Екі баланы өсіріп, тәрбиелегендер ең ұзақ өмір сүретінін анықтадық. Ал бала саны екеуден артық немесе кем болса ондай адамдардың өмір сүру ұзақтығы қысқарады”, – зерттеу авторларының бірі, профессор Цзянчжи Чжан.

Зерттеушілер мұны әлеуметтік қарым-қатынастың жоғарғы деңгейімен байланыстырады.

Ата-ана балалардың тәрбиешілерімен, мұғалімдерімен және басқа балалардың ата-анасымен байланыс орнатады. Үш немесе одан да көп баласы бар отбасы басқалардан қарағанда қаражатты да көп қажет етеді. Осы тұста күйзелістің де болатынын ұмытпау қажет. Сондықтан ғалымдар екі баласы барлар көпбалалыларға қарағанда ұзақ өмір сүреді деген қорытындыға келді.