Елордада салтанатты түрде бас шыршаны жағу іс-шарасы өтті. Іс-шараға шамамен бес мыңға жуық адам қатысты.
Шыршаның биіктігі – 25 метр. Ол жеңіл сәнді ойыншықтармен, өрнектермен, строб шамдарымен, түрлі-түсті гирляндамен және т.б. безендірілген. Ал шыршаның басында қар ұшқыны пішінінде жасалған жарық құралы орнатылды, биіктігі – 2 метр. Елордадағы бас шырша. Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты Шыршаны жағу рәсімі ЭКСПО аумағында өткен. Осы орайда елорда тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама, жаңа жылдық жәрмеңке, слайдтар, мұз айдыны, лабиринт, фуд-корт, арнайы тақырыпқа арналған фотоаймақтар және т.б. ұйымдастырылды. Іс-шараға шамамен бес мыңға жуық адам қатысқан. Елордада бас шырша ашылды: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты Іс-шара қонақтарын "Жарты Ай адамы" түріндегі қуыршақтар, сол сияқты Қар ханшайымы, ергежейлілер және Щелкунчик бейнелеріндегі қуыршақтар қарсы алып, жиналғандарға ерекше көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар әкімдік баспасөз қызметі өкілдері желтоқсанның 17-сі елордадағы 5 ауданда 30-ға жуық мерекелік шырша жағылғанын, сондай-ақ мұз айдындары, слайдтар, жаңа жылдық жәрмеңке және т.б. бар қысқы мұз қалашықтар өз жұмысын бастайтынын еске салды.