Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Павлодарда жеке үйдің моншасы өртенді

AstanaTV
18.12.2023ж. 18:03
691
Павлодарда жеке үйдің моншасы өртенді

18 желтоқсанда сағат 07:49-да "112" байланыс желісіне Павлодар қаласында Усолка көшесі, 37 мекенжайы бойынша жекеменшік үйдің моншасы өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер аттанды.

"Төрт бөлмелі, қамыстан салынған жекеменшік үйдің ауласында жеке орналасқан ағаштан салынған нысанның шатыры отқа оранғаны белгілі болды. Қызыл жалын жайылған алаң - 50 шаршы метр. Оқиға орнында жеке құрамнан 10 адам және 2 бірлік техника жұмыс істеді. Өрт сөндірушілердің күшімен өрт сағат 09:01-де жойылды", - дейді Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.