Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Г. Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді

AstanaTV
13.12.2016ж. 20:00
3228
Г. Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді

Геннадий Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы қазақстандық боксшының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды. Сертификат Голливудта тапсырылды. Ол рекордтар кітабына орта салмақтағы нокауты көп әлем чемпионы ретінде еніп отыр. Оның нокаутпен жеңісі 97,67 пайызды құраған. Қазақстандық былғары қолғап шебері тағы екі марапатқа ие болды.

WBC оның Келл Брукпен жұдырықтасуын "Жыл оқиғасы" деп мойындады. Сондай-ақ GGG-ға ең мықты боксшы ретінде арнайы сый тапсырды. Геннадий Головкин WBA (Super), IBF, IBO и WBC бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы екенін еске салайық. Ол 36 жекпе-жектің барлығында жеңімпаз атанған, 33 ойынды нокаутпен аяқтаған былғары қолғап шебері.