Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қытайда жер сілкінісінен 86 адам қаза тапты

AstanaTV
19.12.2023ж. 09:18
752
Қытайда жер сілкінісінен 86 адам қаза тапты

Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында болған күшті жер сілкінісінен 86 адам қаза тапты. 

Жер сілкінісі салдарынан жою бойынша жергілікті штабтың мәліметінше, дүйсенбі күні кешке Ганьсу провинциясының Цзишишань уезінде магнитудасы 6,2-ге дейін жеткен жер сілкінісі тіркелді.

Зілзала салдарынан 86 адам қаза тауып, 96 адам жарақат алды.

Жер сілкінісінің ошағы болған ауданда тұрғын үйлер мен инфрақұрылымға зақым келгені, сумен жабдықтау және электр қуаты үзіліп, жолдар қирағандығы атап өтілді.