$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қақпашы Стас Покатилов "Ақтөбеден" кеткеннен кейін отандық клубтардан бірнеше ұсыныс түсті

AstanaTV
19.12.2023ж. 20:00
818
Қақпашы Стас Покатилов "Ақтөбеден" кеткеннен кейін отандық клубтардан бірнеше ұсыныс түсті

Ла лиганың 17-ші турында "Жирона" мен "Алавес" кездесті. Алаң иелері Алавесті 3:0 есебімен жеңді. Бірінші таймның ортасында 23-минутта украиналық шабуылшы Артем Довбик матчта "Жиронаны" алға шығарып, есеп ашты. Көп ұзамай, 42-минутта Порту Жироналықтар артықшылығын екі есеге арттырды. Екінші таймда, 59-минутта Алавес қақпасына пенальти белгіледі. Довбик 11 метрлік соққыны сенімді түрде жүзеге асырды. Қорытынды есеп 3:0. Осы матчтан кейін "Жирона" Футболдан Испания чемпионатының турнирлік кестесінің бірінші сатысына көтеріліп, 17 матчта 44 ұпай жинады. "Жирона" 42 ұпайы бар атағы жер жаратын мадридтік "Реалдан" асып түсті. "Алавес" 17 кездесуден кейін 16 ұпаймен 13-ші орында.

«ЖИРОНА» ЛА ЛИГАНЫҢ КӨШІН БАСТАДЫ

Бразилиялық "Флуминенсе" Сауд Арабиясында өтіп жатқан клубтық әлем чемпионатының жартылай финалында мысырлық "Әл-Ахлиді" жеңді. Командалар кездесуі Джиддадағы "Кинг Абдулла Спорт сити" стадионында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар қатарында голдарды Джон Ариас пен АҚШ-тың бұрынғы Президентімен аттас Джон Кеннеди соқты. Осылайша, Флуминенсе клубтық әлем чемпионатының финалына шықты. Бразилиялық клуб "Манчестер Сити" - "Урава Ред Даймондс" қарсыласуының жеңімпазымен шешуші матчта ойнайды.

Аты аңызға айналған "Флуминенсе" қорғаушысы Марсело үшін клубтық әлем чемпионатының шешуші матчына қатысу мансаптағы бесінші болады. Бразилиялық 15 жыл бойы Мадрид "Реалының" намысын қорғаған. Осы уақыт ішінде корольдік клуб төрт рет клубтық әлем чемпионатына қатысып, турнирде төрт рет жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, клубтық әлем чемпионаты соңғы рет қазіргі форматта өтуде. 2025 жылдан бастап турнирге 32 команда қатысады. Мұндай формат аурыз айында өткен ФИФА кеңесінде бекітілді.

«ФЛУМИНЕНСЕ» КЛУБТЫҚ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов "Ақтөбеден" кеткеннен кейін отандық клубтардан бірнеше ұсыныс алды. Покатиловтың ақтөбеліктермен келісімшарты осы маусымда аяқталғаннан кейін ол командадын кетті. Олар ұлттық құраманың тағы бір қақпашысы – Игорь Шацкийға келісімшарт ұсынғысы келеді.

Покатиловқа "Тобыл" және "Елімай" қызығушылық танытуда. "Ақтөбеге" дейін қақпашы "Ақжайық"," Шахтер"," Қайрат "және ресейлік "Ростов" командаларының жидесінде өнер көрсетті. Қазақстан құрамасы үшін ол 26 матч өткізді.

Покатилов мансабын қайда жалғастырады?

Мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем Криштиану Роналдудың жетістігін қайталады. Беллингем "Вильярреал" қақпасына гол соқты және бұл 20 жастағы ағылшындық ойыншы үшін 15 матчта 13-ші болды. Дәл осындай көрсеткішті Роналду 2009 жылы Мадрид клубында ойнаған кезде көрсетті. Қазіргі уақытта Джуд Беллингем Испания Ла Лигасының үздік бомбардирі болып табылады. Екінші орында — "Хетафе" шабуылшысы Борха Майорал 10 голымен, үшінші орында - "Атлетико" шабуылшысы Антуан Гризманн, оның активінде 9 гол бар.

«ҰСТАЗДАН ШӘКІРТ ОЗАР»

Футзалдан Қазақстан құрамасы Бухарестке 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің элиталық раундында Румыния командасына қарсы матчқа келді. Румыния — Қазақстан матчы 20 желтоқсанда өтеді және Астана уақыты бойынша 23:00-де басталады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы бес матчта 15 ұпай жинап, топта мерзімінен бұрын бірінші орын алып, 2024 жылғы Әлем чемпионатына шығуға кепілдік алған болатын. Румыния құрамасына келетін болсақ, олар топта екінші орында. Бірақ олар әлі де екінші орынды үздік төрт команда арасында сарапқа салады.

Хабарымызды жақында ғана UFC 296 турнирінде өткен жекпе-жекте Стивен Томпсонды жеңіп, мансабында 18-рет жеңіске жеткен Шавкат Рахмоновқа қатысты жаңалықпен жалғастырамыз.

MMA Salaries агенттігінің айтуынша, бұл жекпе-жек үшін "Номад" өз карьерасындағы ең үлкен гонорар алған - 306 мың доллар. Бұл – 141 330 690 теңге.

Оның 150 мың доллары жекпе-жекке шыққаны үшін, 150 мың доллары жеңгені үшін және тағы 6 мың доллары демеушілерден бонус ретінде берілген. Отандасымызды бұл жеңісімен құттықтаймыз!

Шавкат Рахмоновтың қалтасы қалыңдай түсті

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін! Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді.