Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Облыс әкімінің орынбасарларына сөгіс жарияланды

19.12.2023ж. 20:00
520
Облыс әкімінің орынбасарларына сөгіс жарияланды

Стихиялық қоқыстар санын 2 есе қысқарту бойынша жұмыстар жүйелі емес. Үкімет басшысы бүгін өңірдегі салаға жауапты әкім орынбасарларына сөгіс жариялады. Себебі, бұл мәселе биыл қыркүйек айында Үкімет отырысында қаралған. Алайда Ұлытау, Алматы және Маңғыстау облыстары одан ешқандай нәтиже шығармаған. Тіпті, кей өңірлер іске кіріспек түгілі, әлі бағдарламаны қабылдап та үлгермеген.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында және тағы да сол Маңғыстау облысында бірде-бір жоспар әзірленбеген. Сондықтан, аталған өңір әкімдері де өздерінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарларына тапсырманы орындамағаны үшін сөгіс жарияласын. Енді бұл процесті әкімдердің өздері жеке бақылауда ұстауы тиіс.