$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мектеп кітапханашысының жалақысын көтеру керек – депутат

AstanaTV
19.12.2023ж. 18:19
1703
Мектеп кітапханашысының жалақысын көтеру керек – депутат

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова қазақ тіліндегі көркем әдебиеттің баспа индустриясын дамытуға қатысты пікір білдірді.

Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінде кітап нарығын реттеу, тәуелсіз негізде қазақ тілінде балалар және көркем әдебиетті басып шығарумен айналысатын баспалардың жұмысына қолдау таныту тақырыбында жиын ұйымдастырылды.

«Қазір әлемде геоэкономикалық жағдай күрделі. Бұл ахуал кітап басып шығару ісіне де әсер етіп отыр, яғни кітапқа арналған қағаз басқа елдерде өндіріледі. Қазір осы өнімнің құны өсіп кеткен. Сондықтан балаларға арналған сапалы кітапты басып шығаратын, сұранысы жоғары шетелдік кітаптарды аударып жүрген мамандарды, еліміздегі жазушыларды шақырып, пікір алмасып жатырмыз. Бүгінгі ұсыныстар аясында заңнамалық өзгерістерді жасай аламыз», - деді Ж. Сүлейменова.

Оның пайымынша, кітапхана тек оқулық тарататын орын емес, кітапхана - баланы кітап оқуға баулитын орталыққа айналуы тиіс.

«Жас жазушыларды қолдау маңызды. Қазір бізде қаламақы деген ұғым жоқ. Кеңес Одағы кезінде әдебиетті қолдау қоры деген болды. Атап айтқанда, елімізде жас жазушылармыз нарықты жақсы меңгеріп жатыр. Бір кітапты бірнеше рет басып, өздерінің банк қосымшалары арқылы сатып, өздері таратып жатыр. Бірақ бұл ретте тек қаладағы балалар мен оқырмандарға сатып алуға мүмкіндік жасалған. Сондықтан ауылдағы оқырмандар үшін де жағдай жасау керек. Осы бағытта бір операторды бекіту қажет. Бұл ретте, «Қазпоштаны» немесе басқа да операторды қарастыруға болады», - деді Ж. Сүйлейменова.

Оның сөзіне қарағанда, кітап басу саласындағы субсидия мәселесін де пысықтау керек.

«Мәдениет министрлігі жағынан жазушыларды қолдауға арналған түрлі байқаулар бар. Екіншіден, жазушының қаламақысы деген ұғымды заңмен бекіту керек деген ойдамыз. Депутаттар балалардың кітапханаға тегін баруы, кітапханашылардың жалақысын көтеруге қатысты ұсыныстар айтты. Мектеп кітапханашысының жалақысы тым төмен. Бұл мәселеге қатысты нақты шешім жасау керек», - деді депутат.