Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қызылорда облысында төрт көлік соқтығысып, бес адам ауруханаға жеткізілді

AstanaTV
19.12.2023ж. 19:18
893
Қызылорда облысында төрт көлік соқтығысып, бес адам ауруханаға жеткізілді

Қызылорда облысында ауа райы қолайсыздығы салдарынан төрт көлік соқтығысып, бес адам ауруханаға жеткізілді.

Бүгін, 19 желтоқсанда сағат 13:18-де Арал ауданының аумағында Қамбаш елді мекені тұсынан өтіп жатқан «Батыс Европа-Батыс Қытай» тас жолының бойында жол көлік оқиғасы тіркелді. Сол уақытта кезекшіліктен тыс уақытта Қамыстыбас станциясы құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Ербол Отарбаев жеке жұмысымен Арал қаласына бет алған еді.

«Жол бойындағы көлік апатын көзі шалған ол дереу көмек көрсетуге кірісті. Кейіннен 3 «Mercede-benz» маркалы жүк көлігі мен «Daewoo-nexia» маркалы жеңіл көлігі ауа райының қолайсыздығынан жол апатына ұшырағаны анықталды. Салдарынан жеңіл көліктегі 4 адам қолдың сынуы, аяқ қайырылып қалу, ми жарақаты секілді әртүрлі жарақат алған. Құтқарушы олардың қасына жақындағанда көлік ішінде қысылып қалған егде жастағы әйел азаматшаны байқап, оны сыртқа шығаруға көмектесті. Осы уақытта оқиға орнына жеткен құтқару бөлімшесінің құтқарушы-медбикесі Әсия Базарбаева зардап шеккен азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Ербол Отарбаев жеке көлігімен жарақат алған 5 адамды жақын елді мекеніндегі ауруханаға жеткізеді. Олар қазір дәрігерлердің жіті қадағалауында», - деп мәлім етті Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.

Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан аударылып қалған 3 «Mercede-benz» маркалы жүк көлігінің жүргізушілері дін аман. Жүк көліктерін тұрғызу үшін қосымша көмек күтілуде.

Еске салсақ, бұдан бұрын 13-15 желтоқсан аралығында Қызылорда облысында оқушылар мен студенттерге сабақ онлайн өткізілді.