$494.87 €520.65 ₽4.91
×

БҚО-да қызды пышақтаған күдіктіге қатысты сот басталды

20.12.2023ж. 20:00
757
БҚО-да қызды пышақтаған күдіктіге қатысты  сот басталды

Зорлыққа көнбеген қызды бес рет пышақтаған оралдық тұрғынның жазадан құтылып кетуі мүмкін. Бұл туралы жәбірленушінің туыстары мәлімдеді. Қазір бұл іс жабық сотта қаралып жатыр. Жәбірленушінің туыстары күдіктіге тағылған айыппен келіспейді. Өйткені ол қорғансыз қызды өлтіруге тырысса да, зорламақ болды деген айып тағылыпты. Демек оған берілер жаза әкімшілік айыппұлмен ғана шектелуі мүмкін. Ал бостандыққа шыққасын, айыпталушының қарындасымызды тағы қорқытары анық, дейді туыстары. Ауыр жараланған жәбірленуші әлі толық сауықпаған.

Надежда ПАВЛОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ ӨКІЛІҮ:
Күдікті қызды өлтіргісі келді. Бірақ жәбірленуші тірі қалғасын, бұл баппен іс қозғалмады. Бұл азаматтан басқа қыздардың да жапа шегуі мүмкін. Сот жабық өтіп жатқандықтан, оны тәптіштей алмаймыз. Енді күдікті жазадан құтылу үшін түрлі сылтау айтып, ақталып жатыр. Жәбірленуші қатты қорқып қалған. Әлі ес жия алар емес. Денесіндегі пышақ тиген жерлері жазылған жоқ.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, жұмысынан түнде шыққан бойжеткенді бейтаныс жігіт көшеде зорламақ болған. Бірақ дегеніне көнбеген қызды тамағы мен бетінен бес рет пышақтап қашып кетеді. Кейін тұтқындалған соң, ол бала-шағасы барын, өзінің мас болғанын айтып ақталыпты. Ал полиция оның деструктивті діни ағым өкілі екенін мәлімдеді.