Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Екі облыстағы жолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

AstanaTV
20.12.2023ж. 23:50
914
Екі облыстағы жолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Күн бұзылып, (қар, боран, шектеулі көрініс), сондай-ақ жолды тазарту бойынша жұмыстарды жүргізуге байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұл туралы Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына хабарлады.

Жамбыл облысында - 1 учаске

«Алматы-Ташкент-Термез» а/ж 159-238 км, Кенен учаскесі – Қайнар ауылы (Жаңа Қордай асуы) -79 км;

Жетісу облысында - 2 учаске

«Үшарал-Достық» а/ж 84-184 км, Көктұма станциясы -Достық станциясы – 100 км;

«Сарыөзек-Көктал» а/ж 45-68 км, (Алтын Емел асуы).

«Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады. Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 674 техника жұмылдырылды»,-делінген хабарламада.